Жылдық оқиғалар

2017 жыл наурыз 2017 жылдың 14 наурызында студенттер бастамасымен философия және психология факультетінде «Экстремизмге қарсы әрекет. Экстремизмге қарсы күрес механизмдері мен әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде «Дінтану» мамандығының 2-курс студенті Раисов Бинур қатысты. Дөңгелек үстелдің төрағасы – философия және психология факультетінің аға оқытушысы Солощенко П.П болды.

Дөңгелек үстелге философия және психология факультетінің деканы Карипбаев Б.И., «Қарағанды қаласының дін істер басқармасының» бас маманы Сарсенбаев Н.В, сонымен қатар философия және психология факультетінің «Мәдениеттану», «Философия», «Дінтану» мамандықтарының студенттері қатысты.

Қарағанды мемлекеттік университеті, философия және психология факультеті 2015