Психология кафедрасы

Кафедра тарихы


Сабирова Райхан Шайхышевна психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының меңгерушісі

Е. А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетіндегі психология кафедрасының қалыптасуы мен дамуы 1990 ж. бастау алып және Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлының есімімен байланысты. Психология мамандығы бойынша бірінші қабылданушылар осы 1990 ж. жасалып, 25 адамнан екі топ құрылды. Психологтардың бірінші тобы қазақ және орыс тілдерінде білім алды. Қазіргі күні психология мамандығы бойынша 20 жылдан астам түлектер шығарылып келеді.

2015 – 2016 оқу жылында кафедра «Психология» мамандығы ашылған күнінен бастап тарихи күнін атап өтті. Іс – шара аясында «XXI ғасырда психологияның ғылыми жетістіктері мен болашағы» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция ұйымдастырылып өткізілді. Сондай – ақ бірінші кафедра меңгерушісі, профессор С. М. Жақыповтың есіміндегі дәрісхана ашылып жұмыс жасауда.

Әртүрлі жылдары кафедраны басқарған профессор Амирова Бибісара Аубакировна, кафедра доценті О. Г. Блок, пс.ғ.к. Капбасова Гульзада Байырбалдиевна, қазіргі кезде кафедраны басқарып отырған пс.ғ.к., доцент Сабирова Райхан Шайхышевна.

Психология кафедрасында студенттер мен оқытушылардың дипломдық және курстық жұмыстар көлемінде психологиялық зерттеулерді жүргізуге, сондай – ақ психология бойынша практикумның сабақтарын, психологияның математикалық әдістері мен басқа да арнайы сабақтарды өткізуге мүмкіндігі бар, ғылыми – зерттеу жұмыстарына арнайы жабдықталған, дипломдық жобалау кабинеті бар. Сондай – ақ кафедра оқытушыларымен сабақтардың көлемінде мигранттардың бейімделуі бойынша психологиялық жұмыстардың элективті пәндері өткізілетін, кафедрада TEMPUS ресурстық ортылығы жұмыс жасайды.

Білікті мамандарды даярлау сапасының әрдайым жоғарылауы үшін кафедраның оқытушыларымен көп нәрсе жасалды және де жасалуда. Кафедраның үйлесімді педагогикалық ұжымы оқытуды үш тілде – қазақша, орысша және ағылшынша жүргізеді. Кафедраның жұмыс жасау жылдарында қоғамдық өмірдің барлық саласында психологтарға деген сұранысқа жағымды тенденция белгіленді. Психология кафедрасы шығаратын бакалаврлар мен магистрлар іс – әрекеттің кез – келген саласында жұмыс жасай алады. Бүгін кафедра түлектері білім беруде, денсаулық сақтау мен медицинада, соттық – түзетуші мекемелерде, жеке фирмалар мен мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Психологтардың жүктемесі балабақшаларға, перзентханаларға, милиция және түзетуші мекемелерге, әскери бөлімшелерге, медициналық мекемелерге, банктік салаға енгізілуде. Кәсіпорында қызметкерлермен жұмыс тәрізді іс – әрекет саласы танымал болып келе жатыр. Бұл лауазымда психологтар жұмыс жасайды, сонымен бірге, Қарағанды мемлекеттік университетінің дипломын алған психологтар тек қана Қарағандыда ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларында, жақын және алыс шетелде де бағаланады.

Психология мамандығының студенттерімен курстық және дипломдық жұмыстардың көлемінде заманауи қоғамның өзекті мәселелері қаралып және шешіледі. Кафедра оқытушыларының басшылығымен әртүрлі мәселелермен жұмыс бойынша тәжірибелік ұсыныстар жетілдіріледі, тәжірибе жүзінде қолданылатын, түзетуші бағдарламалар құрылады.

Кафедрада білім беру қызметін психологиялық қамтамасыз ету орталығы ашылған. Университеттің қызметкерлері мен студенттеріне психологиялық қолдау көрсетіледі. Орталық қызметкерлері келесі бағыттар бойынша қызметін жүзеге асырады: психодиагностика; (когнитивтік, жеке сала, кәсіби сала); психологиялық кеңес беру (жеке сұрау бойынша); тренингтер (бейімдеу, мансапқа бағытталған, жеке өсу, жұмысқа орналасу және т.б.).

Кафедра бойынша 3 филиал ашылып оқу - әдістемелік бағытында жұмыстар атқарылуда: 1) Отбасы типіндегі «Таншолпан» облыстық балалар үйі базасында; 2) Қарағанды қ. № 36 орта білім беру мектеп базасында; 3) Қарағанды қ. № 92 гимназия базасында.

Кафедраның филиалдары оқудың тиімділігін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады, студенттердің әртараптандырылған біліктілігін арттырады, білім, ғылым мен білімнің өзара байланысын қамтамасыз етеді, бұл кәсіптік білім берудегі сапалы өзгерістерге әкеледі. Филиалдардың негіздерінде келісімдер шеңберінде кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді: №36 мектептің негізінде, оқытушы Ширинбекова Ж.А. соңғы сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау бойынша тренинг өткізді; «Таншолпан отбасылық типі бойынша облыстық балалар үйі» ҚМУ базасында доцент Алимбаева Р.Т., оқытушы Капашева Г.А. спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психологиялық дайындығы бойынша психологиялық тренинг өткізді.

Е. А. Бөкетов ат. ҚарМУ психология кафедрасы өзінің 25 жылдан астам жұмыс жасауының аралығында құрылуы мен дамуының ұзақ жолын өтті. Бірақ бұл тек бастамасы. Бүгін кафедрада мамандық дәсүрін құраған оқытушылар, сондай – ақ жас оқытушылар жұмыс істейді. Психологиямен көп жылдар бойы айналысатын, оқытушылардың тәжірибесі мен даналығының үйлесімінде, олар орасан зор ойларға толы, міндетті түрде жақсы нәтижелерді көрсетеді.

Оқытушылар құрамы

Психология кафедрасының ұжымы туралы мәлеметтер

Капбасова Гульзада Байыровна

Психология ғылымының кандидаты, психология кафедрасының доценті.

Негізгі мамандығы: Қарағанды мемлекеттік университеті, «Математика» мамандығы (1987 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • Отбасы терапиясы институтында «Эриксон гипнозы» тренингі, тренер, проф. М.Р. Гинзбург;
  • «Коммуникативтік дағдылар психологиясы» тренингі, тренер пс.ғ.к, доц. М.П. Кабакова;
  • «Гештальтерапия» тренингі,, тренер С.М. Елисеев;
  • «Лидерлік психологиясы», тренер Е.Ж. Ким (2012 ж.);
  • Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың БЖФ біліктілікті жетілдіру курстары;
  • «Психологиядағы ғылыми және мәдени парадигмалардың дискурсының плюрализациясының перспективалары» семинары (Қарағанды, 2017 ж.);
  • Талант-менджмент бағдарламасы «Психологиялық мамандықтардың пәндеріндегі психологиялық міндеттерід қою және шешу» (Қарағанды, 2017 ж.);

Ғылыми жетістіктер:

  • 50 астам ғылыми еңбек жариялады, олардың ішінде 1 импакт-факторлы мақала (Thomson Reuters дерек қоры), БҒСБК ұсынған журналдарда мақалалар, ҒДРИ импакт факторлы мақалалар, халықаралық ғылыми конференция материалдарындағы мақалалар;
  •  «ТЭМПУС» халықаралық жобаға және «Діни экстримизмді әлеуметтік-психологиялық талдау (өлімге елігу діни фанатизмнің шарттарының бірі ретінде)» тақырыбындағы Республикалық гранттың  қатысушысы (2012 - 2014 жж.).  

Ғылыми қызығушылықтары: жоғары мектеп психологиясы, ЖОО студенттерінің оқу мотивациясы.

Мақтау қағазы, марапаттары:

  • Философия және психология факультетінің философия ғылымының докторы, профессор Т.И. Абжанов атындағы үздік оқытушысы дипломы (2012 ж.);  
  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарараганды мемлекеттік университетінің дамуына зор үлес қосқаны үшін «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 40 жылдығы» мерейтойлық медалінің  иегері; 
  • Философия және психология факультетінің 20 жылдығын мерекелесіне орай жоғары білікті мамандарды даярлауда елеулі еңбегі үшін мадақтау қағазына иегері;
  • Қар МУ үздік қызметкері (2016 ж.).

E-mail: kargu_ps@mail.ru

 

 

Алимбаева Роза Тогаевна

Психология ғылымының кандидаты, психология кафедрасының доценті.

Негізгі мамандығы: Карагандинский педагогический институт, «Педагогика және психология», мамандығы (1986 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • Талант-менджмент бағдарламасы «Психологиялық мамандықтардың пәндеріндегі психологиялық міндеттерід қою және шешу» (Қарағанды, 2017 ж.);
  • «Психологиядағы ғылыми және мәдени парадигмалардың дискурсының плюрализациясының перспективалары» семинары (Қарағанды, 2017 ж.).

Ғылыми жетістіктер:                                                    

  • «Діни экстримизмді әлеуметтік-психологиялық талдау (өлімге елігу діни фанатизмнің шарттарының бірі ретінде)» тақырыбындағы Республикалық гранттың жетекшісі (2012-2014 жж.);
  • «Антропология» оқу құралы (2011ж.);
  • 60 астам ғылыми мақалалар жарияланды, олардың ішінде, импакт-факторлы мақала (Thomson Reuters дерек қоры), БҒСБК ұсынған журналдарда мақалалар, ҒДРИ импакт факторлы мақалалар, халықаралық ғылыми конференция материалдарына мақалалар жарияланды.
  • Республикалық пәндік олимпиадасында Кайруллаева Ж. 3-ші орын алды (ғылыми жетекшісі Алимбаева Р.Т., 2017 ж.)
  • Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Бахтиярова Ж. 2-ші орын алды (ғылыми жетекшісі Алимбаева Р.Т., 2017 ж.)

Ғылыми қызығушылықтары: психологиялық танатология, дін психологиясы.

Мадақтамалар, марапаттар:

  • Т.Абжанов атындағы сыйақы (2015 ж).

E-mail: alimbaeva_21@mail.ru

 

 

Әмірова Бибісара Аубакировна

Психология ғылымдарының докторы, профессор

19 00 01 – жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы және этнопсихология; 19 00 05 – Әлеуметтік психология екі шифр бойынша тұлғаның әлеуметтенуі және этникалық өзінідік сана сезімді қалыптастыру мәселесі бойынша: психология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуші кандидаттық диссертациясын (1998) және психология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін ізенуші докторлық диссертациясын (2007) қорғады.

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • «Софанализ» тренигінің сертификаты (тренер, профессор Габриолла Сорджи Италияның психоанализ институты, Италия);
  • ТЕМПУС бағдарламасы бойынша сертификаты;
  • Коммуникативтік дағдылар психологиясы» тренигінің сертификаты, тренер пс.ғ.к, доц. Кабакова М.П. (Алматы қ.);
  • «Балалар терапиясы» бойынша тренигінің сертификаты (тренер профессор, Суннатова Р.И.);
  • Талант-менджмент бағдарламасы «Психологиялық мамандықтардың пәндеріндегі психологиялық міндеттерід қою және шешу» бойынша тсертификаты.

Ғылыми жетістіктері:

  • Университет қабырғасында еңбектену барысында 100 астам ғылыми мақалалар жариялады, олардың ішінде импакт-факторлы 1 мақала (Scopus дерек қоры), БҒСБК ұсынған журналдарда, ҒДРИ импакт факторлы журналадарында, алыс және жақын шетел журналдарында, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялары материалдарында мақалалар жарияланды;
  • Психология профессоры атағын алды (2010 ж.)
  • ҚР ПҒА мүшесі  (академигі) болып сайланды (2010 ж.);
  • Ғылыми өнімі үшін авторлық құқыққа ие болды (2012 ж.);
  • Психология ғылымының кандидаттық диссертацияларына ғылыми жетекшілік етті  (Жансерикова Д.А., Тулебаева А.Б., Куттыбаева М.К.);
  • 5 электрондық оқу құралы дайындалып шығарылды «Этнопсихолоиялық зерттеулердің әдістері»; «Этнопсихология»; «Этнопсихология (орыс тілінде)»; «Психологиялық терминдердің орысша-қазақша электрондық сөздігі»; «Этностық жаңсақ нанымдар: теориясы мен практикасы»;
  • «ЖОО үздік оқытушысы -2013 ж» атағының иегері;
  • 1 авторлық күәлік;
  • 1 оқу құралы.

Ғылыми қызығушылықтары: тұлғаның әлеуметтенуі және этникалық өзінідік сана сезімді қалыптастыру мәселесі

Мадақтамалар, марапаттар:

  • КБ Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың оқытушылары, қызметкерлерінің жергілікті кәсіп одағының Алғыс хат (2015 ж.);
  • Қарағанды қ. әкімінің Құрмет грамотасы (2015 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2017 ж.);
  • Қазақ психологиялық Қоғамының Алғыс хаты (2017 ж.).

E-mail: bamirova@mail.ru

 

 

Барикова Алена Рудольфовна

Аға оқытушы, әлеуметтік ғылымдардың «Психология» мамандығы бойынша магистрі.

Негізгі мамандығы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (2002 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • Халықаралық Психологиялық ғылым Академиясында «Интегративті арт-терапия» бағдарламасы бойынша тренингі (2008 ж.),
  • Халықаралық Психологиялық ғылым Академиясында «Мифодезайн» тренингі (2009 ж.),
  • Халықаралық Психологиялық ғылым Академиясында «Аңыз бренд ретінде» тренингі (2009 ж.),
  • Мәскеулік гештальтпсихология және психодрама институтының «Дағдарыстық жағдайдағы психодрама» тренингі Мәскеу қ. (2010 ж.),
  • Болон процесі контексіндегі заманауи білім беру мәселелері оқу курстарынан өтті, Карлов Университеті, Прага (2010 ж.)
  • ЖОО педагогикалық мамандықтанының оқытушыларының біліктілігін жетілдіру курстарының білім беру бағдарламасы «Қазіргі педагогикалық технология» (Алматы, 2016 ж.).
  • Талант-менджмент бағдарламасы «Психологиялық мамандықтардың пәндеріндегі психологиялық міндеттерід қою және шешу» (Қарағанды, 2017 ж.).

Ғылыми жетістіктер:

  • 30 астам мақала жарияланды;
  • 2006 ж. бастап Қарағанды облысы қылмыстық түзету жүйесі департаментімен ынтымақтастықта қызмет етеді (бірлескен дөңгелек столға қатысу, психологтардың біліктілігін жетілдіру, жазасын өтеушілермен жұмыс);
  • 2006 ж. бастап 6500,6800 әскери бөлім қызметкерлермен ынтымақтастықта қызмет етеді (өзгермелі әскери жағдайларға әскери қызметкерлердің бейімделуі мәселесі бойынша, әскери қызметкерлердің отбасылық өзара қарым қатынасы мәселесі бойынша өткен семинарларға, бірлескен дөңгелек столға қатысу және т.б.);
  • 2009 ж. бастап Қазақстан Қарағанды арнасының әлеуметтік психологиялық бейімделу мәселесі бойынша түсірілімдерге қатысу;
  • 2009 ж. бастап Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мансап және жұмысқа орналастыру орталығымен бірлесіп өзін өзі табысты таныстыру дағдыларын қалыптастыру бойынша бітіруші курс студенттерімен психологиялық тренинг өткізу;
  • 2010 ж. бастап ҚР Әділет Министрлігі ішіндегі соттық шешімдерді орындау бойынша депратаментімен (ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды психологиялық диагностика, түзету жұмыстары) ынтымақтастықта қызмет етеді;
  • 2012 ж. бастап мигранттармен жұмыс істейтін әлеуметтік психологтарды дайындау бойынша ТЕМПУС халықаралық бағдарламасына қатысты;
  • 2012 ж. бастап «Діни экстримизм» шаруашылық- келімшарттық тақырыптқа қатысты;
  • «Қазақстаннаың болашағы - менің болашағым» республикалық студенттердің ғылыми конференциясында Забровская А. лауреат атанды. (ғылыми жетекшісі Барикова А.Р.);
  • «2017 ғылыми жетістіктер және ашылаулар» ғылыми- практикалық конкурсында Яблочкина Е. 1-шң орын алды. (ғылыми жетекшісі Барикова А.Р.);
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығана арналған «Қазіргі психологияның өзекті мәселелері» ғылыми жобалар конкурсында Оспанова К. 1-ші орын алды (ғылыми жетекшісі Барикова А.Р.);
  • Пенза қаласында өткен студенттер жұмысы конкурысында Яблочкина Е. 1-ші орын алды, 2016 ж. (ғылыми жетекшісі Барикова А.Р.).

Семинар жұмысына қатысы, комиссия және т.б.:

  • Түлектердің сәтті жұмысқа тұру тернинигтерін қазаннан  желтоқсан аралығында жыл сайын жүргізеді;
  • Мектеп түлектері арасында жыл сайын кәсіби бағдарлау тренинигтерін жүргізеді.
  • Қарағанды облысының қылмыстық- атқару жүйесінің  депертаментімен бірге жыл сайын түзету мекемелерінің психологтары үшін семинарлар өткізеді;
  • «Үздік пенитенциарлық психолог» конкурсында жыл сайын қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып отырады;

·Обылыстық прокуратурамен бірге Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесінің депертаментінің психологиялық қызметін тексеруде комиссия мүшесі (Қарағанды, 2016ж).

Ғылыми қызығушылықтары: ювеналды психология, заң психологиясы

E-mail: alena.luh@mail.ru

 

Блок Ольга Григорьевна

Психология кафедрасының доценті.

Негізгі мамандығы: Ленинградский государственный университет, специальность «Психология» (1978 ж.).

Ғылыми жетістіктер:

  • "Асырап алушы отбасын интернаттық мекеме базасында дайындау және сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру» әдістемелік құралы (Қарағанды, 2017 ж.);
  • 7 халықаралық және аймақтық конференцияларының жұмысына қатысты;
  • Ресей және қазақстандық басылымдарда 5 мақала жарияланды;

Ғылыми қызығушылықтары: психология әдіснамасының және тарихының мәселелері, жалпы психологияның (тұлға психологиясының) мәселелері, даму психологиясының мәселелері, психологиялық кенес беру және психотерапия, отбасы және неке психологиясы, медициналық психология, психодиагностика.

Оқитын курстары: Жалпы психология, Тұлға психологиясы, Психодиагностика негіздері, Психологиялық кеңес беру негіздері, Суицидология, Психология тарихы және әдіснамасы, Жарақаттық стресс психологиясы және психологиялық жарақат салдарынан туатын стресс.

Мадақтамалар, марапаттар:

  • Алғыс хат «С.Балаубаев оқулары - 8 магистранттар және студенттердің ғылыми –практикалық конференциясына студентерді дайындағаны және белсенді қатысқаны үшін» (2016 ж.);
  • ҚарМУ Ректораты атынан берілген алғыс хаты (2014 ж.);
  • ҚарМУ Ректораты атынан берілген Құрмет грамотасы (2015 ж.);
  • Философия және психология деканаты атынан берілген мадақтамасы (2015 ж.).

E-mail: olga_block@rambler.ru

 

 

Бурленова Салтанат Ошақбаевна

Аға оқытушы, психология магистрі.

Негізгі мамандығы: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (2004 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • «Білім беру үрдісінің менеджменті. Административті менеджмент» бойынша біліктілікті жетілдіру (2012 ж.);
  • «Analysis of Criminal Behavior and Work with the Polygraph» курсы (2012 ж.);
  • «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқыту әдістемесі» бойынша біліктілікті жетілдіру (2012 ж.);
  • «Licence-Master professionnels en psychologie sociale pour intervenir aupres des migrants»  курсы (2012 ж.);
  • Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру (2015 ж.);
  • «Theory and practice of intercultural interaction the modern world» курсы (Екатеринбург (Россия, 2014 ж.);
  • Психологтардың қысқы мектебі «Психологтың кеңес беру тәжірибесіндегі жаңа технологиялар» (Алматы, 2017 ж.).

Ғылыми қызығушылықтары:: әскери психология, заң психологиясы.

E-mail: burlenovas@mail.ru

 

Ерзнкян Маняк Гагиковна.

Оқытушы, әлеуметтік ғылымдардың «Психология» мамандығы бойынша магистрі.

Негізгі мамандығы: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (2010 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • 2008 жылы Халықаралық Психологиялық Ғылым Академиясында «Интегративті арт-терапия» бағдарламасы бойынша оқу курсынан өтті.
  • 2014 ж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің лекторлық шеберлік мектебі.
  • 2014 ж. Халықаралық Психологиялық Ғылым Академиясында денеге-бағытталған псих.тарапия бағыты бойынша тренинж. 
  • 2013 ж. Халықаралық Психологиялық Ғылым Академиясында Арт-терапия бағытында тренинж.
  • 2014 ж. ТЕМПУС халықаралық бағдарламасы бойынша Александр Иоан Куз атындағы Университетте Яссы қ, Румыния стажировкадан өтті.

Ғылыми жетістігі: 2012-2016 жж. аралығында 10 астам мақала, 5 астам мультимедиялық көрсетілім дайындалды.

Ғылыми қызығушылықтары: психологиялық кеңес беру, тренингтер, жаңа ғылыми технологиялар, этнопсихология.

E-mail: balik1988@mail.ru

 

Жансерікова Дыбыс Аманкелдиевна

Психология ғылымдарының кандидаты, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ психология кафедрасының доценті

Негізгі мамандығы: Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институты, «Педагогика және психология» мамандығы (991 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • The Education System and Teacher Training in the Czech Republic in the Historical Context. (Тарихи консексте Чехия Республикасында мұғалімдерге білім беру және дайындау жүйесі» (Карлов университеті, Прага, Чехия Республикасы, 2017 ж.).
  • ІІ-ші Республикалық Қысқы Психологиялық Мектеп (Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы, 2017ж.).
  • І-ші Республикалық Жазғы Психологиялық Мектеп (Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы, 2017 ж.).
  • Психологиялық кеңес беру мен психотерапияның теориясы мен практикасы: заманауи бағыт (Психология институты. Астана қ, 2017 ж.).
  • Психологтар мен көмек көрсетуші мамандардың Бірінші евразиялық Конгрессінің жұмысына қатысты (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Астана қ, 2017 ж.).
  • «Психологиялық мамандық пәндерінде психологиялық міндетті қою және оны шешу» талант-менджмент бағдарламасы» (Қараганды қ. 2017 ж.).
  • «Жанжалды реттеудегі медиация негіздері мен құралдары» семинар-тренинг (ҚМБ «Қоғамдық келісім» Караганды облысы әкімдігі аппараты, Қарағанды қ, 2017 ж.).
  • 2012 ж. халықаралық «TEMPUS» бағдарламасымен Яссы қаласында (Румыния) ғылыми стажировкадан өтті.
  • 2012-2013 жж. университеттің БЖФ «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру әдістемесі» бағдарламасы тақырыбында оқыту семинарына қатысып, білімін жетілдірді.
  • 2016 ж. Springer User Training біліктілігін жетілдірді (ҚарМУ).

Ғылыми жетістігі:

  • Монография «Тұлғаның мотивациялық өрісінің танымдық іс-әрекетпен байланысы». - Қарағанды: «Полиграфист» баспаханасы, 2016. – 208 б.
  • Монография «Жеткіншек тұлғасының әлеуметтік ортада дамуының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу». - Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС 2017. – 211 бет.
  • Мектеп психологінің жұмыс кітабы: Жалпы білім беретін мектеп 1 - 4 сынып оқушыларымен жұмысына арн алған оқу құралы. І, ІІ бөлім бөлімдері. - Астана «Самғай біл ЖШС», 2015. - 236 бет.
  • Мектеп психологінің жұмыс кітабы 1: Жалпы білім беретін мектеп 5 - 8 сынып оқушыларымен жұмысына арналған оқу құралы. - Астана «Самғай біл ЖШС», 2015.
  • Мектеп психологінің жұмыс кітабы.Жалпы білім беретін мектеп 9 - 11 сынып оқушыларымен жұмысына арналған оқу құралы. - Астана «Самғай біл ЖШС», 2015.
  • «Психология және адам дамуы. Сызба». Білім тобының мамандықтары үшін.-Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС, 2017.
  • «Психология және адам дамуы. Сызба». Білім тобының мамандықтары үшін.- Қараганды: ТОО «Типография Арко», 2017.
  • «Психология әдістері» тарауы бойынша орысша-казақша-ағылшынша терминологиялық  сөздік. Объектігі авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. 24 мамыр 2016 жылы. № 0985.
  • «Тұлға аралық қақтығыс психологиясы» (ЭЕМ арналған бағдарлама- электрондық оқу құралы). Объектігі авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. 08 тамыз 2017 ж. № 1991.
  • «Психология және адам дамуы» (ЭЕМ арналған бағдарлама). Объектігі авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. 18 тамыз 2017 ж. № 2036.
  • 50 астам мақалалар жарияланды, сонын ішінде 1 мақала Scopus ақпараттар базасында, бірнеше мақалалар БҒСБК ұсынған журналдарда, ҒДРИ импакт факторлы басылымдарда, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларынд, ҚР басқа да басылымдарында жарияланды.

Ғылыми қызығушылықтары: жеткіншектер тұлғасы дамуының психологиялық ерекшеліктері, ЖОО студентерінің оқу мотивациясы, оқушылардың оқу мотивациясының ерекшеліктері.

Мақтау қағаздары, марапаттары:

  • 2010 ж. жемісті педагогикалық еңбегі үшін университеттің мақтау грамотасы;
  • 2015 ж. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ философия және психология факультетінің 20 жылдығында алғыс хатпен марапатталды.
  • 2016 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.
  • «Психология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитеті студенттердің зияткерлік жарысқа дайындығы және белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді (Алматы, 2015ж.)
  • «Психология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитеті студенттерді зияткерлік жарысқа дайындап, белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді (Алматы, 2016 ж.).
  • Қарағанды қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы ұйымдастырған READx жобасына белсене қатысқаны үшін құрмет мадақтамасымен марапатталады (Қарағанды, 2016 ж.).
  • ҚР Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге орай адал еңбегі және универитеттің дауына қосқан елеулі үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды (Қарағанды, 2017 ж.).

E-mail: dibis68@mail.ru

 

Капашева Ғаухар Абдиканиевна

Психология кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі.

Негізгі мамандығы: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (2005 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • «НЛП және Эриксон гипнозы техникаларының көмегімен жетістікке жету» (2004ж.);
  • «Холотропты тыныс алу» (2004 ж.);
  • «Адам психикасының ресурстары мен мүмкіндіктері» (2009 ж.);
  • «Сенім телефоны кеңесшілерін дайындау бойынша» семинар- трениг (2010 ж.);
  • Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу процесінде инновациялық технологиялар бойынша біліктілікті жетілдіру (2005 ж.);
  • «Мультмедиялық көрсетілімдерді жасау және оқыту процесінде қолдану және кредиттік технология жағдайында оқыту әдістемесі» (2009ж.);
  • ҰБТ-2016 ға дайындық шеңберінде мектеп оқытушыларының педагогикалық шеберлігін жетілдіру (Қарағанды облысы білім беруді дамыту ОӘО).
  • «Құлдық және тұрмыстық зорлық зомбылықтың құрбандарымен жұмыстың психологиялық аспектілері - тәжірибелік кеңестер» семинар-тренинг, ««Демеу» балалық мәселесін үйлесттіру орталығы» ЖҒБ (Қараганды, 2016ж.).

Ғылыми жетістігі:

  • 20 астам мақалалар жариялапнды, оның ҒДРИ импакт факторлы басылымдарда, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларынд, ҚР басқа да басылымдарында жарияланды.

Ғылыми қызығушылығы: гендерлік психология, стресс психологиясы.

Мақтау қағаздары, марапаттары:

  • «Отбасында баланың эмоционалдық күйін реттеу» тақырыбында бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген трениг үшін №36 ЖББ мектептен алғыс хат. (2016ж.).
  • 9-11 сынып оқушылары арасында «Үш  тұғырлы тіл» «Бес күндік оқу қажет пе?» тақырыбында дебат ұйымдастырып өткізгені үшін №36 ЖББ мектептен алғыс хат (2016ж.).
  • «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» «Таңшолпан» балалар үйінен ҚММ алғыс хат. (2017ж.)

 

Құдайбердиев Темірхан Қожабаевич

Психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының доценті.

Негізгі мамандығы: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (1984 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • «Профориентатор-KZ» әдістемесі бойынша оқу курсы: кәсіби кеңес беру мектебі. Астана қ. (2014 ж.);
  • «Жетекшінің тұлғалық тиімділігі» «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерге арналған тест-тренинж. Астана қ. (2014ж.);
  • «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани білім беру бағдарламасының ғылыми- әдістемелік негіздері» біліктілікті жетілдіру курсы. Алматы қ. (2014ж.);
  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының ПОҚ үшін «Оңтүстік Кореяда мемлекеттік қызметтің дамуы мәселесі» біліктілікті жетілдіру курсы. Астана қ. (2013ж.);
  • «Электрондық өкімет» семинар-тренингі «Өрлеу» АҚ, Қарағанды (2012ж.);
  • «Құзіретті педагогика. Заманауи сабақ» семинар-тренинг (Қарағанды, 2010 ж.);
  • «Ғылыми және мәдениеттану парадигмасында психология дискурсы плюрализациясының болашағы» әдіснамалық семинары (Қараганды, 2017 ж.)

Ғылыми жетістігі:

  • 120 астам ғылыми жұмыс жарияланды БҒСБК ұсынған журналдарда, ҒДРИ импакт факторлы басылымдарда, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларынд, ҚР басқа да басылымдарында жарияланды.

ҒЗЖ басшылық:

  • «Дарынды балаларға арналған областық арнайы Дарын» - интеллектуалды дамыту мектебі. 2010-2015 оқу жылы. Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп- интернаты;
  • «Өзін- өзі тану» адамгершілік рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилотты білім беру ұйымдарының іс әрекетін үйлестіру. 2014. ҚР БжҒМ, «Бөбек» ҰҒПББСО; 

Шетелдік жобаларға қатысу:

  • «Көш- қон саясатының қазіргі заманғы мәселелері» EuroPass  халықаралық жобасы. 2012-2014жж. Румыния (Франция). Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ;
  • «Ұлттық куррикулумды жасау - ҚР дағы 12 жылдық білім берудің орта жалпы білім беру стандартын жасау. 2003-2005жж. ҚР БжҒМ;

Ғылыми қызығушылықтары: постнеклассикалық психология.

Мақтау қағаздары, марапаттары:

  • «ҚР білім берудің Құрметті қызметкері» Төсбелгі (2005 ж.);
  • «Мұғалім»XIII халықаралық педагогикалық оқылымдарда белсенді қатысқаны үшін құрмет қағазы. Тбилиси (2014ж.);
  • Философия және психология факультеті деканы атынан факультеттің білім беру және ғылыми мәдениетін дамытуға атсалысқаны үшін алғыс хат (2014 ж.);
  • «Балаубаев тағылымы-8» студенттер мен магистранттарының ғылыми тәжірибелік конференциясына белсенді қатысып және студенттер дайындағаны үшін алғыс хат (2016ж.).

E-mail: ya.ab1234567@outlook.com

 

Лазарева Елена Александровна

Аға оқытушы, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Базалық мамандығы: Саратов қаласындағы П.Ж.Чернышевский атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді мемлекеттік университеті, «Психолож. Психология оқытушысы» (1991ж.).

Біліктілік арттыру мәліметтері:

  • «Үкімет пен  азаматтық  қоғам  институттарының аймақ қызығушылығындағы біріккен тәжірибесі» және «Әсерлер экономикасы және адами ресурстар» шебер-сыныптары, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында (2011 ж.);
  • «Қосарлы білім беру  технологиясы бойынша оқыту әдісі»  бағдарламасы бойынша  біліктілік арттыру курсы,  Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ базасында (2012 ж.);
  • Новосибирск мемлекеттік университетінің психология факультетіндегі  тағылымдама (2013 ж.);
  • Ғылыми және мәдениеттану парадигмасында психология дискурсы плюрализациясының болашағы» әдіснамалық семинары (Қараганды, 2017 ж.)

Ғылыми жетістіктері:

  • 30 астам мақала жарияланды, оның ішінде БҒСБК ұсынған журналдарда, халықаралық ғылыми конференцияларына (ҒДРИ импакт факторлы басылымдарда), ғылыми жинақтар мен интеллектуалдық алаңдарында жарияланды.
  • Әдістемелік нұсқаулар жарияланды студент-психологтарға арналған  курстық және дипломдық жұмыстарға  дайындалу үшін (2015 ж.);
  • Әдістемелік нұсқаулар барлық мамандықтарға «Адамның психологиясы мен  дамуы» оқу пәнінен орындау үшін (2015 ж.).
  • Оқу құралы "Психология и развитие человека. Схемы" (2017 ж.).

Ғылыми жобалар жұмысы:

  • Халықаралық грант TEMPUS LMPSM «Мигранттармен жұмыс жасау үшін кадрларды дайындау саласындағы  ерекше облыстар мен  тұтынушылықты анықтау» - (2012-2014 жж.);
  • Республикалық грант «Діни экстремизмнің әлеуметтік-психологиялық талдауы» (2012-2014 жж.).

Марапаттар:

  • Факультеттің  білім беру және ғылыми мәдениетін дамытуға көмегі үшін алғыс хат философия және психология  факультетінің деканатынан, 2014 ж.;
  • Университеттің дамуына қосқан адал еңбегі мен  маңызды үлесі үшін Құрмет грамотасы-ҚарМУ ректоратынан (2015ж.).

E-mail: elena.lasareva@mail.ru

 

Магзумова Назира Қайроллаевна

Аға оқытушы, «Педагогика және психология» педагогикалық ғылымдарының магистрі.

Базалық мамандығы: Карағанды педагогикалық институт, «Педагогика және психология» мамандығы (1993 ж.). КГТУ, «Психология бакалавры» мамандығы (2006 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • Central European Education Institute, Словакия. Братисла қ. (2012 ж.);
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педагогикалық Университеті «Психология» мамандығы» (Алматы, 2006 ж.);
  • Кәсіпкерлік және менеджмент мәдениетінің Қарағанды Институты. Курс бойынша сертификат: «Жоғары оқу орнындағы жаңартылған білімнің мазмұны мен тұжырымдамасы (2006 ж.);
  • Қазақстандық-Ресейлік Университет. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығы. ЖОО қашықтық-кредиттік жүйе бойынша қызметкерлерге білім беру сертификаты (Қарағанды, 2005 ж.); 
  • «Өрлеу» біліктілікті жетілдірудің ұлттық орталығы» АҚ (Алматы, 2017ж).
  • «Мәдениет аралық коммуникацияның жаңа жолдары» тақырыбындағы қонақтық дәрістердің циклына қатысқаны үшін берілген сертификат (Будапешт, Венгрия, 2017ж.).

Ғылыми жетістіктер:

  • Монография «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық ұжымды басқару стилінің психологиялық ерекшеліктері» (Қарағанды, 2015 ж.).
  • 20 астам ғылым мақалалар жарияланды, оның ішінде импакт-факторлы журналдарда, БҒСБК ұсынған журналдарда, шетел басылымдарында, РҒДИ журналдарында мақалалары жарияланды, ҚР халықаралық конференциялардың жұмысына қатысты.

Ғылыми қызығушылықтары: психология высшей школы, психологические особенности компетентности менеджеров образования.

Мақтау қағаздары, марапаттары:

  • Қалалық Білім Басқармасының студенттерге сапалы білім бергені үшін «Білім беру» мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі құрмет қағазы;
  • Халықаралық ғылыми-студенттік конференциясынан  ғылыми жетекшінің белсенді жұмысы үшін; 
  • Факультеттің білім беру және  ғылыми мәдениетін дамытудағы үлесі үшін алғыс хат - философия және психология  факультетінің деканатынан; 
  • Тәрбиелік жұмыста бесенділік көрсетіп ұймдастыруға қатысқан үшін  мақтау қағазымен марапатталды (2017ж);
  • ҚР тәуелсіздігінің 25жылдығына  мақтау қағазымен марапатталды (2016 ж.);
  • ФжП факультеті деканынан алғыс хат (2015-2017 жж.); 
  • «Қазіргі заман психологиясының өзекті мәселелері» ғылыми жобасының конкурсына белсенді қатысқан үшін мақтау қағазымен марапатталды (2016 ж.).

E-mail: nazmag@mail.ru

 

Молдабаева Роза Апақбаевна

Аға оқытушы, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі.

Старший преподаватель, магистр социальных наук по специальности «Психология».

Базалық мамандығы: Қазақ мемлекеттік қыздар институты, «Педагогика және психология» мамандығы (1991 ж.). Карағанды педагогикалық институт, «Педагогика және психология» мамандығы (2005 ж.).

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • Карлов Университетінде біліктілікті жетілдіру (Прага қ.Чехия. 2014 ж);
  • Біліктілікті жетілдіру «Introduction to the European Union» Universitat Rostock (2014ж.);
  • Әдістемелік семинар шеңберінде біліктілікті жетілдіру «Ғылыми және мәдениеттану парадигмасында психология дискурсы плюрализациясының болашағы» әдіснамалық семинары (Қараганды, 2017 ж.).

Ғылыми жетістіктер:

  • “Жас ерекшелік психологиясы”, “Психологияны оқыту әдістемесі” оқу құралдары;
  • «Психология және адам дамуы пәнінен СӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар;
  • «Білім-2050» шығармашыл педагогтерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің тапсырысымен «Мектеп психологінің жұмыс кітабы»: Жалпы білім беретін мектеп психологтерінің 1–11сынып оқушыларымен жұмысына арналған әдістемелік құралдар кешенін құрастырушы авторлар құрамына кірді (Астана, 2013-2014 жж.);
  • Психологияны оқыту әдістемесі оқу құралы (2017 ж.);
  • 17 мақала жарияланды, оның ішінде импакт-факторлы журналдарда - 1 мақала, БҒСБК ұсынған журналдарда - 2, шетел басылымдарында - 5 мақала, РҒДИ - 2 мақала, Қазақстан Республикасының басқа да басылымдарында – 7.

Ғылыми қызығушылықтары: ЖОО студенттерінің оқу және кәсіби мотивациясы.  

Мақтау қағаздары, марапаттары:

  • «Ғылым шарайнасы» атты VIII, I

E-mail: rosa_ros68@mail.ru

 

Сабирова Райхан Шайхышевна

Психология ғылымының кандидаты, профессор, психология кафедрасының меңгерушісі.

Базалық мамандығы: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (1988 ж.).

1988-1995 жж. аралығында ҚарПИ-нің психология кафедрасының оқытушы, аға оқытушысы болды, 1995-1998 жж. – Абай атындағы АМУ-нде аспирантурасында оқыды, 1998-2004 жж. аралығында ҚарМУ-нің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, 2014 ж. сәүірінен бастап психология кафедрасының меңгерушісі. 2005-2014 жж. философия және психология факультеті деканының міндетін атқарушысы болды. 2014 ж. қыркүйегінен бастап психология кафедрасының профессоры лауазымына ауыстырылды.

2015 ж. қыркүйегінен бастап психология кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • «Состояние и тенденции развития психотерапии, практической и консультативной психологии в Казахстане и странах Содружества независимых государств и дальнего зарубежья» атты Бірінші Еуразиялық конгресстің жұмысына қатысты (2017 ж.).

Ғылыми жетістіктер:

  • «Самосознание детей старшего дошкольного возраста» монографиясы (2015 ж.);
  • «Проблема организационно-психологических факторов выгорания и ресурсов стрессоустойчивости» монографиясы (2015 ж.);
  • «Личность в кросс-культурных исследованиях» оқу құралы (2015 ж.);
  • «Личность в кросс-культурных исследованиях» электрондық оқу құралы (2017 ж.);
  • 100 астам ғылыми мақалалар жарияланды, олардың ішінде 2 импакт-факторлы мақалалар (Thomson Reuters, Scopus дерек қоры), БҒСБК ұсынған журналдарда, ҒДРИ импакт факторлы журналдарда, халықаралық ғылыми конференция материалдарындағы мақалалар;

Шетелдік жобаларға қатысу:

  • Международный грант: TEMPUS LMPSM «Определение приоритетных областей и потребностей в области подготовки кадров для работы с мигрантами», осы жоба шеңберінде Симферополь, Париж және Гренобль қ. ғылыми сапарларда болды (2012-2014 жж.).

Ғылыми қызығушылықтары: жоғары мектеп психологиясы, тұлға психологиясы, әлеуметтік психология.

Мақтау қағаздары, марапаттары:

  • 2014 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.
  • «Заслуженный работник КарГУ» атағының иегері (2016 ж.);
  • «Е.А. Бөкетов атындағы Қарараганды мемлекеттік университетінің дамуына зор үлес қосқаны үшін «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 40 жылдығы» мерейтойлық медалінің  иегері; 
  • Қала, облыс әкімі және университет ректоры атынан берілген Алғыс хаттары;
  • Ұлттық гвардиясының «Орталык» бөлімі, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, кафедра филиалдары атынан берілген грамоталары мен алғыс хаттар.

E-mail: sabirova.raihan@mail.ru

 

 

Сланбекова Гульнара Кобылановна

«Психология» мамандығы бойынша философия докторы Ph.D, кафедра доценті. 

Базалық мамандығы: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (2000 ж.). 

Біліктілікті жетілдіру туралы мәліметтер:

  • Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың БЖФ біліктілікті жетілдіру курстары (2003 ж., 2005 ж., 2009 ж.);
  • «Гештальтерапия с элементами психодрамы» тренингі (2003 ж.);
  • «Основы телесно-ориентированной психотерапии» тренингі (2010 ж.);
  • «Интегративная системная семейная психотерапия» тренингі (2010-2012 жж.);
  • «Системные семейные расстановки» тренингі (2011-2012 жж,);
  • Дәрістер «Systemic Family Therapy, Cognitive Behavioral Therapy» профессор Ph.D. З. Бекирогулларидің дәрістері, профессор Ph.D (Университет King’s college, Лондон, Англия) (Алматы, 2014 ж.).
  • Профессор А. И. Клюеваның «Методы клинико-психологических интервенций и диагностики» дәрістер курсы (Лейпциг, Германия) (Алматы, 2014 ж.).
  • Небраска Университетінің профессоры Д. Харништың "Emotional Intelligence and Education» дәрістер курсы (штат Небраска, США) (Алматы, 2014 ж.);
  • Профессор М. Чунгтың «Posttraumatic Stress Disorder» дәрістер курсы (Абу-Даби, ОАЭ) (Алматы, 2014 ж.).
  • Профессор С. Сафдардың «Cross-cultural and social psychology» дәрістер курсы (Университет Гвельфа, Канада) (Алматы, 2014 ж).
  • Профессор Ch. Christian-Radu «Conflict analysis and management with an emphasis on mediation as a conflict resolution method» дәрістер курсы (Румыния) (Карағанды, 2016).
  • Оқытушы онлайн-платформаның онлайн-курсы FutureLearn «Psychology and Mental Health» (2017 ж.)
  • «Основы медиации и инструменты медиатора для урегулирования споров» атты семинар-тренинг (Карағанды, 2017 ж.).
  • "Постановка и решение психологических задач на дисциплинах психологических специальностей" бағдарламасы (Карағанды, 2017 ж.).
  • «English launguage course» тілдік курстары (Прага, Чехия, 2017 ж.).
  • «Перспективы плюрализации дискурса психологии в научной и культурологической парадигме постмодерна» атты білітілікті арттыру курстары (Карағанды, 2017 ж.).

Ғылыми жетістіктер

  • 50 астам ғылыми басылымдар жарияланды, олардың ішінде импакт-фактормен 6 мақала (Thomson Reuters, Scopus дерек қорында); ККСОН-мен ұсынылған журналдарда 7 мақала, алыс және жақын шет елдерінде 5 мақала, халықаралық конференциялардың мәліметтер жинағында 16 мақала жарияланды.
  • 2 монографиялар.

Ғылыми қызығушылықтары: отбасы және неке психологиясы, эмоционалдық интеллект психологиясы, кроссмәдени және этникалық психологиясы.

Мадақтамалар, марапаттар:

  • Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы атынан Алғыс хат (Қарағанды, 2016 ж.);
  • «Балаубаев тағылымы» студенттер мен магистранттарының ғылыми тәжірибелік конференциясына белсенді қатысып және студенттер дайындағаны үшін алғыс хат (2016ж., 2017 ж.).

E-mail: g.slanbekova@mail.ru

 

 

Ширинбекова Жаркын Амангелдиевна

Аға оқытушы, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі.

Базалық мамандығы: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Психология» мамандығы (2003 ж.).

Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер:

  • «Достижение максимума с помощью техник НЛП и Эриксоновского гипноза» тренингі (2004 ж.);
  • «Уверенное поведение» тренингі (2004 ж.);
  • «Профессиональный и личностный рост практического психолога» тренингі (2004ж.);
  • «Коучинг» тренингі (2005 ж.);
  • «Психологическая практика консультирования и диагностика» тренингі (2005 ж.);
  • «Телесно-ориентированная психотерапия» тренингі (2006 ж.);
  • «Коммуникативные навыки», «Психодрама в работе с психологической травмой» тренингі (2010 ж.);
  •  «Подготовка консультантов «Телефонов доверия»» семинар-тренинг (2010 ж.);
  • «От любви как владению к любви как дару и произведению искусства» семинары (2009 ж., Асколи Пичено);
  • Карлов Университетінде біліктілікті жетілдіру (Чехия, 2013 ж.);
  • «Дауларды реттеудегі медиатор құралдары мен медиация рәсімі негіздері» атты семинар-тренинг (Қарағанды, 2017ж.);
  • "Постановка и решение психологических задач на дисциплинах психологических специальностей" бағдарламасы (Карағанды, 2017 ж.).
  • Семинар-тренинг «Таным» (Қарағанды, 2017ж.);

Ғылыми жетістіктер: ҒДРИ базасында 3 мақала; БҒСБК ұсынылған журналдарда 3 мақала; халықаралық конференциялардың мәліметтер жинағында 5 мақала; республикалық және аймақтық конференциялардың мәліметтерінде 10 мақала жарияланды.

Ғылыми қызығушылықтары: дене-бағыттылған психология теориясы мен практикасы.  

Мадақтамалар, марапаттар:

  • Алғыс хат, «Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» (Қарағанды қ, 2017ж.).
  • Алғыс хат, «Студенттің белсенділер мектебі» кешендік оқыту бағдарламасының ұйымдастыруына белсене қатысқаны үшін алғыс білдірілді.
  • 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күнін мерекелеуе орай «Зерек» білім беру ортылығының дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат берілді.
  • «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерімен белсенді өзара іс-әрекетті және жеке құрамды зерделеуге қосқан үлесі үшін марапатталды (2017ж.).

E-mail: jarkyn.tarahty@mail.ru

 

Альгожина Анар Рашидовна

Аға оқытушы, психология магистрі.

Негізгі мамандығы: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Психология» мамандығы (2005ж.).

Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер:

  • «Достижение максимума с помощью техник НЛП и Эриксоновского гипноза» тренингі (2005г.);
  • «Холотропное дыхание» тренингі (2006 ж.);
  • «Потоки метафор» тренингі (2007 ж.);
  • «Гештальтерапия» тренингі (2008 ж.);
  • «Управление человеческими ресурсами» тренингі (2009 ж.);
  • «Профессиональный и личностный рост практического психолога» тренингі (2010ж.);
  • Ғылыми-методологиялық семинар «Перспективы плюрализации дискурса психологии в научной и культурологической парадигме постмодерна» (Карағанды, 2017ж.);
  • Е.А. Бөкетов атындағы КарМУ дәрістік шеберлік мектебі (2016).
  • Біліктілікті арттыру бағдарламасы, АҚ «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» (2017ж.);
  • Семинар-тренинг «Основы медиации и инструменты медиатора для урегулирования споров» (2017ж.).

Ғылыми жетістіктер:

  • Халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялардың мәліметтерінде,  импакт-факторы бар журналдарда (ҒДРИ базасында), КарМУ Хабаршысында 2 мақала жарияланды.

E-mail: anara.karzhas@mail.ru

 

Игембаева Камшат Советовна

Аға оқытушы, психология магистрі.

Негізгі мамандығы: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Психология» мамандығы (2003ж.).

Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер:

  • «Психологиялық кеңес беру», Л.Стрыгина (2002ж.)
  • «Гештальт – терапия», С.Елисеев (2002ж., 2004ж.);
  • «Трансперсоналды психология мен психотерапия бағдарламасы» бойынша толық терапиялық курсы, Оспанов Б.А. (2007-2008ж.);
  • «Трансперсоналды психология мен психотерапия бойынша алғашқы сауықтыру бағдарламасы», Оспанов Б.А. (2010ж.);
  • «Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлықты алдын алу» атты оқыту семинарының қатысушысы (2010-2011жж.);
  • Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушыларына арналған «Дәріскерлік шеберлікті арттыру мектебі»;
  • ҰБТ-2016 қарсаңында  педагогикалық шеберлікті арттыру мектебінің оқытушысы (Қарағанды облысының білім беруді дамыту ОӘО);
  • «Практикалық психология курстары» біліктілікті арттыру курстары (Карағанды, 2017ж.).
  • «Перспективы плюрализации дискурса психологии в научной и культурологической парадигме постмодерна» біліктілікті арттыру курстары (Карағанды, 2017ж.).
  • Талант-менеджмент бағдарламасы «Постановка и решение психоологических задач на дисциплинах психологических специальностей» (Карағанды, 2017ж.).
  • Участие в работе обучающего семинар-тренинга на тему: «Психологические аспекты работы с жертвами рабства и бытавого насилия-практические советы» тақырыбындағы оқытушы семинар-тренинг жұмысына қатысу  (Карағанды, 2016ж.).
  • «Развитие лидерских качеств и тернинг командообразования, практические навыки» отырысы жұмысына қатысу (Карағанды, 2017ж.).

Ғылыми жетістіктер:

  • 20 астам ғылыми мақалалар шығарылған.
  • «Мектептерде психологиялық қызмет ету және психологияны пән ретінде оқыту бағдарламасы» оқу-әдістемелік құралы (2017 ж.).

Мадақтамалар, марапаттар:

  • Алғыс хат «за активное участие и поддержку в организации воспитательной работы на факультете 2016ж.0.
  • Құрмет мадақтамасы «За весомый вклад внесенный в подготовку высококвалицированных специалистов и общественную жизнь университета».
  • Алғыс хат «За активное участие в поэтической акции, посвященной 70-летию профессора Б.Е.Колумбаева».

E-mail: igembaeva.k_1981@mail.ru

 

 

Нұрғалиева Сәуле Мұхановна

Психология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Негізгі білімі: Қарағанды педагогикалық институты, «Педагогика және психология» мамандығы (1995ж.). Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды Мемлекеттік Университеті, «Психология» мамандығы (2005 ж.).

Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер:

  • Карлов Университетінде біліктілікті жетілдіру (Чехия, 2014 ж.);
  • Біліктілікті жетілдіру «Introduction to the European Union» Universitat Rostock (2014ж.);
  • Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Лекторлық шеберлік мектебі» (2015 ж.);
  • Білім берудің жаға бағыттары, Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті (2015ж.);
  • «Перспективы плюрализации дискурса психологии в научной и культурологической парадигме» семинары (Қарағанды, 2017 ж.);
  •  «Постановка и решение психологических задач на дисциплинах психологических специальностей» Талант-менджмент бағдарламасы (Қарағанда 2017 ж.);
  • «Основы медиации и инструменты медиатора для урегулирования споров» атты семинар-тренинг (Карағанды, 2017 ж.);
  • «Раннее развитие  и После трех еще не поздно», ерте даму педагогтары мен психологтарының Халықаралық академиялық достастығы семинары (Мәскеу қ., 2017ж.).
  • «Современное  методы оценивания результатов обучения» семинары (2017ж.).

Ғылыми жетістіктері:

  • «Жас ерекшеліктері психологиясы» оқу құралының авторлары құрамында (2012ж.);
  • 40 астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

Ғылыми қызығушылықтары: Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың психологиялық ерекшеліктері, жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қолданудың ерекшеліктері; студенттердің оқу мотивациясының ерекшеліктері.

E-mail: saule_nur73@mail.ru

 

 

Мамандықтар

Психология кафедрасы 5В050300-Психология мамандығы бойынша мамандарды (бакалавр және магистрлер) даярлайды

Біліктілігі: психология бакалавры. Оқу мерзімі: күндізгі бөлімі – 4 жыл, сырттай қысқартылған (жоғары және орта арнайы білім негізінде) 2, 3 жыл. Студенттер жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, іскерлік қарым қатынас психологиясы және т.б. сияқты пәндерді оқиды. Психология мамандығында оқитын студенттер өндірістік және педагогикалық іс тәжірибеден өтеді. Өндірістік іс тәжірибені Департаментте Қылмыстық түзету жүйесінде, Әскери бөлімде, АрселорМиталлда, PR «Орталықта», мектепке дейінгі мекемелерде, спорт мектептерінде, орта мектепте, Психиатрияның Қарағанды областық қауымдастығында өтеді. Педагогикалық іс тәжірибені студенттер лицейлерде, гимназияларда, гуманитарлық колледжде, Дарын мектебінде, № 77, 5, 81 мектептерінде және т.б. өтеді.

Бакалаврды бітірген соң, оқуды магистратурада жалғастыруға болады (6М050300-Психология). Оқу мерзімі – жыл 2 (ғылыми педагогикалық бағыт), 1,5 жыл (профильді магистратура).

Кәсіптік білімді қолдану аймақтары: әлеуметтік ұйымдар (балалар үйі, қарттар және мүгетектер үйі, шығармашылық және бос уақыт балалар орталықтары); білім беру мекемелері (мектептер, балабақшалар, ЖОО); кадрларды іріктеу және таңдау жөніндегі мекемелер (кадрлық агенттік, жұмыспен қамту орталықтары, кәсіптік бағдар орталықтары, банк қызметі); медициналық мекемелер (ауруханалар, емханалар және наркологиялық орталықтар, сауықтыру орталықтары); психотерапевтік, психологиялық кеңес беру қызметтері; кәсіпорындар, фирмалар; құқық қорғау органдары (соттар, балаларды уақытша жайғастыру мекемесі, колониялар, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімдері); сенім телефонына жұмыс; ТЖМ, құтқару қызметтері; әскери ұйымдар

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра ТМД ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығын қолдайды: Мәскеу Мемлекеттік Университетімен, Клиникалық психология және психотерапия институтімен (Мәскеу қ.), Санкт – Петербург Мемлекеттік Университетімен, Барнаул Мемлекеттік Педагогикалық Университетімен, Том Мемлекеттік Университетімен, Низами ат. Ташкент мемлекеттік университетімен, Психология ғылымының Халықаралық Академиясымен (Ярославль қ.), Яссы университетімен (Румыния). Варшав политехникалық университеті, Лион университеті және т.б. әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық жоспарлануда.

ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы алушы О. И. Худик диссертациясын қорғап (2002 ж.) және Мюнстера қ. (Германия) университетінде психология ғылымының докторы атағына ие болды және С. Оспанова PhD докторы болып табылады, АҚШ психологиямен айналысуда. Кафедра түлегі А. Джумагельдинов ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы бойынша Францияда білім алды және Лион университетінде психология докторы болып табылады.

ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы алушы А. Самекин 2011 ж. М. В. Ломоносов ат. ММУ диссертацияны қорғады. Д. Маликова М. В. Ломоносов ат. ММУ магистратураға түсіп, 2011 жылы оны сәтті аяқтады.

Психология кафедрасы мигранттармен жұмыс бойынша әлеуметтік психологтарды даярлайтын TEMPUS LMPSM халықаралық проектіге қатысты (Сабирова Р.Ш., Капбасова Г.Б., Барикова А.Р., Жансерикова Д.А., Лазарева Е.А., Бурленова С.О.). Психология кафедрасының оқытушылары TEMPUS LMPSM халықаралық проекті бойынша Румынияға, Украинаға, Ресейге, Францияға тағылымдама өтуге барды.

Кафедраның аға оқытушысы Панченко А.В. Румынияда КлужНапока қаласының Бабеш – Баляй университетінде докторантура бағдарламасын меңгеруде.

PhD, кафедраның аға оқытушысы Касымова Л.С. 2016 жылдың желтоқсан айынан Гуэлфа университетінде (Канада) «Қазақстан жастарының әлеуметтік құндылықтары мен сенімдерінің гендерлік өзгешеліктері» тақырыбында, профессор С.Сафдардың шақырылуымен ғылыми зерттеу жұмысымен іс-сапарда.

Пс.ғ.к., кафедра доценті Жансерикова Д.А. Карлов Университетінде (Прага, Чехия) 2017 жылы мамыр-маусым айларында біліктілікті жетілдіру курсын меңгерді.

PhD, кафедра доценті Сланбекова Г.К. тілді дамыту курсын «Джипка» орталығында (Прага, Чехия) 2017 жылы мамыр-маусым айларында өтті.

Соңғы 3 жыл аралығында кафедра оқытушылары Қазақстанда, Ресейде, Өзбекістанда, Украйнада, БАӘ, Чехияда, Болгарияда және Румынияда республикалық және халықаралық конференцияларға қатысты











Ғылыми бағыттар

Қазіргі уақытта кафедрада психология ғылымдарының докторы, профессор Амирова Б.А; психология ғылымдарының кандидаттары Сабирова Р.Ш., Алимбаева Р.Т., Капбасова Г.Б., Жансерикова Д.А., психология мамандығы бойынша әлеуметтік және психология ғылымдарының 12 магистрі жұмыс істейді.

Ғылыми іс әрекеттің бағыты – «Кең мәдени аумақтағы тұлғаның әлеуметтену мәселесі». Берілген тақырыптың зерттеу аумағы келесі бағыттарды қамтиды: Ғылыми теориялық бағыт: мигранттардың бейімделу және әлеуметтенуінің, этнос аралық қатынас және өзара түсіністігінің психологиялық, этнопсихологиялық мәселелерін, сонымен қатар 12 жылдық оқыту мәселесін, оқу процессінде бәсекеге қабілетті мамандарды әлеуметтендіру ерекшеліктерін зерттеу.

Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулерін қаржыландыру «Діни экстремизмнің әлеуметтік-психологиялық сараптамасы (діни фанатизм шарттарының бірі ретінде өлімге құштарлық)» (Алимбаева Р.Т., Капбасова Г.Б., Лазарева Е.А., Бурленова С.О., Барикова А.Р.) 2012 ж. тақырыбы бойынша экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлы ғылым саласындағы негізгі және қолданбалы зерттеулер бойынша Республикалық грант есебінен жүзеге асады.

Ғылыми әдістемелік бағыты: білім беру мекемелерінде және басқа да әлеуметтік мекемелерде оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Оқу-ұйымдастыру бағыты: оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын тұлғалардың психологиялық, этнопсихологиялық білімі (студенттер, магистранттар, PhD, педагогтар, мұғалімдер, ата-аналар, бизнес көшбасшылары, әлеуметтік және білім беру мекемелері).

Практикалық бағыт: ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру; этносаралық қарым-қатынас мәдениеті; этномәдени және мемлекеттік сәйкестілік; этникалық, этносаралық бейімделудің икемділігі мен дағдыларын және тұлғаның этно әлеуметтенуінің басқа мәселелерін шешу.

Психология кафедрасы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (кафедра меңгерушісі ғылым кандидаты Калымбетова Э.К.) және Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындары: Павлодар педагогикалық университеті, онда кафедра меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты А.А. Аплашова - Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ нің Психология мамандығының түлегі.

Әр жылдарда «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болғандар: пс.ғ.д., профессор Б.Ә. Әмірова (2013 ж.), пс.ғ.к., доцент Сабирова Р.Ш. (2014 ж.), пс.ғ.к., доцент Жансериова Д.А. (2016 ж.).

2015 жылдың желтоқсан айында философия докторы ғылыми дәрежесін іздену диссертациясын аға оқытушы Сланбекова Г.К. «Ажырасу жағдайында психологиялық жарақатпен күресудің әлеуметтік-психологиялық факторлары» тақырыбыда және аға оқытушы Қасымова Л.С. «Қазақстан жастарының құндылық бағдарларының психологиялық аспектілері» тақырыбында сәтті қорғап шықты.

Бірлесіп қызметтесу негізінде «Озарение» ҚҚ-да жұмыс істейтін психологтармен (Ширинбекова Ж.А., Капбасова Г.Б.), «ВИТА» жеке кәсіпкерлігімен (Сабирова Р.Ш., Барикова А.Р.) кеңес беру жұмысы жүргізілді. Әскери бөлімнің, сот орындаушыларының департаментінің, облыстық әкімдіктегі жастар бастамалары орталығының, күш құрылымдарының қызметкерлерімен ғылыми-әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, психодиагностикалық процедуралар жүргізіледі. (Алимбаева Р.Т., Капбасова Г.Б., Барикова А.Р., Ширинбекова Ж.А., Бурленова С.). Кафедра оқытушылары тиімді басқару дағдыларын дамыту және қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметкерлерге арналған тренингтер өткізеді (Альгожина А.К., Капашева Г.А., Құдайбердиев Т.К.).

Оқыту процессіне кафедра оқытушыларымен ҒЗЖ ның нәтижелері енгізілді:
Алимбаева Р.Т. – таңдау бойынша магистранттарға «Дін психологиясы» (ағылшын тілінде), бакалаврларға «Экзистенциалды психология» компоненті; «Танатология»;
Блок О.Г.. – таңдау бойынша бакалаврлар үшін «Суицидология» компоненті;
Капбасова Г.Б. – таңдау бойынша магистранттар үшін «Психологиядағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау», «Психология эффектісі» компоненті;
Барикова А.Р. – таңдау бойынша бакалаврлар үшін «Ересектерге арналған психология», «Виктимология», «Дағдарыстық күйлердің психологиясы» компоненті;
Лазарева Е.А. – таңдау бойынша бакалаврлар үшін «Тұлға диагностикасының заманауи әдістері», «Психологиялық түзету» компоненті;
Бурленова С.О. – таңдау бойынша бакалаврлар үшін «Миграция психологиясы», «Кросс мәдени байланыс» компоненті;
Сабирова Р.Ш., Жансерикова Д.А. – таңдау бойынша магистранттар үшін «Педагогикалық зерттеулердегі психологиялық әдістер» компоненті;

Жыл сайын «Балаубаев оқулары» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі, конференция қорытындысы бойынша ғылыми жұмыстар жинағы шығарылады. Осы кезеңге дейін 100-ден астам студент өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндама жасады. Бұдан басқа, студенттер үнемі ұлттық және халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысады. Санкт-Петербургтегі «ХХІ ғасыр психологиясы» студенттік конференциясына, Мәскеудегі «Ломоносов оқулары», «Жастар және қазіргі заманғы өзекті мәселелер» аймақтық конференцияларына қатысу дәстүрге айналды. Халықаралық конференцияларға, ғылыми жарыстарға қатысу нәтижелері келесі студенттердің жүлделері болды:
• Қошан А. (ғыл. жетекші Ширинбекова Ж.А.) студенттер мен магистранттардың халықаралық интеллектуалдық конкурсында І дәрежелі диплом (Ресей).
• Зейнілкерім А. (ғыл.жетекші Жансерикова Д.А.) «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым мәселелері, даму перспективасы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (София, Болгария) І дәрежелі дипломмен марапатталды (Прага, Чехия)

«Психология» мамандығының студенттері жыл сайын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтетін Олимпиадаға белсене қатысады. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын Thomson Reuters, Scopus журналдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің журналдарында және Ресейлік ғылыми-зерттеу индексінің журналдарында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялайды.


Конференция Психология мамандығының 25 жылдығына арналды


«Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ дың психология кафедрасының келешегі және жетістіктерінің» дөңгелек үстелі

2017 жылы 20 сәуірде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ нің философия және психология факультетінің психология кафедрасында «Балаубаев оқулары - 9» атты студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция қазақ-орыс ғалымы, психология ғылымдарының докторы, профессор В.Е. Клочкоға арналды.

Конференция жұмысын Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің философия және психология факультетінің ғылыми жұмысы жөніндегі декан орынбасары С.Г. Караконисова ашты

Конференция қатысушыларына құттықтау сөзбен психология кафедрасының меңгерушісі, пс. ғ. к., профессор Р.Ш.Сабирова сөз сөйледі.

Конференцияға Қарағанды қаласының ЖОО ның 80-нен астам оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты.

Пленарлық отырыста п.ғ.к., психология кафедрасының доценті Д.А. Жансерікова біздің жерлесіміз С.Балаубаевтың қазақ психологиясына қосқан үлесі туралы баяндама жасады.

Психология кафедрасының доценті О.Г. Блоктың баяндамасы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ де «Психология» мамандығының ашылуына үлес қосқандардың бірі болған, психология ғылымының докторы, профессор В.Е. Клочконың ғылыми іс әрекетіне арналған. Виталий Евгеньевич Психология кафедрасымен қызметтес болып, көптеген мұғалімдердің әріптесі және жетекшісі ретінде жұмыс істеді.

Пс.ғ.к., психология кафедрасының доценті Т.К. Құдайбердиев В.Е. Клочконың.жүйелік антропологиялық психология теориясына егжей-тегжейлі талдау жасады.

Пленарлы отырыстан кейін конференция жұмысы 6 секция бойынша жалғасты: «Жастық дамудың психологиялық аспектілері», «Отбасылық қарым қатынас психологиясы», «Медициналық психология мәселелері», «Психологиялық білімнің әлеуметтік-психологиялық аспектілері», «Құқықтық психология мәселелері», «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері».

2017 жылы 22 сәуірде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Философия және психология факультетінің Психология кафедрасында оқушылар арасында психология бойынша жыл сайынғы ғылыми жобалар байқауы өтті. Қатысушыларға психология ғылымының докторы, профессор Б.А. Амирова құттықтау сөз сөйледі.

Сайысқа Қарағанды қаласындағы және облысындағы мектептердің 40 тан астам оқушылары қатысты.

Ғылыми жобалар сайысы 4 секция бойынша жүргізілді: «Жас ерекшелік психологиясының өзекті мәселелері», «Дамудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері», «Ақпараттық технологиялардың тұлғаға әсері», «Психологиялық білімнің қолданбалы аспектілері»

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін білікті қазылар алқасы анықтады.

Байқауға қатысушылардың ғылыми жетекшісі болған педагогтарда алғыс хаттар алды.

Байқауға қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен ғана емес, сонымен қатар қатысушының сертификаттарымен марапатталды.

Тәрбиелік жұмыс

Психология кафедрасының тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тәрбие жұмысының Тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың негізгі әдісі - оқытушылардың кураторлық қызметі.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары - халықаралық және патриоттық тәрбие, адамгершілік, этномәдениет, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамыту, хостелдегі тәрбие жұмысы.

Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту студент- психологтарының дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты болып табылады. Жыл сайын бірінші курс студенттерінің Спартакиадасы, Қарағанды университетінің Спартакиадасы, факультеттер арасында Президенттік көпсайыс, Қысқы спартакиадалар ұйымдастырылады. Студенттер Республика күніне, Наурызға, Тәуелсіздік күніне, Жеңіс күніне, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тақырыптық кураторлық сағаттарға арналған ұжымдық шығармашылық іс-шараларға қатысады. Жылдың басты оқиғасы - «Психолог күні» кәсіби мерекесі.

Жыл сайын студент-психологтар Е.А.Бөкетов атындағы «Мисс и мистер Университет» байқауына қатысады. Климова Оксана, Малойван Нина «ҚарМУ аруы» жеңімпазы атанды. Базилов Гаухар «Мисс ҚарМУ-2012» атанды.


2013-2014 оқу жылында ПС-32 тобының студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Психология» пәні бойынша республикалық олимпиадасының жеңімпаздары болды (Алматы)

Әр жылдың 1 қыркүйегінде кафедра оқытушылары бірінші курс студенттерімен кездеседі. Кафедра оқытушылары университетте, атап айтқанда, психология мамандығы бойынша оқу ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Студенттер кураторларымен кездесуге, сыныптастармен қарым-қатынас орнатуға және көруге мүмкіндік алады.

Жыл бойына ҚарМУ-нің қызметкерлері зерттеу нәтижелеріне сәйкес бірінші курс студенттерін университет жағдайында бейімдеу динамикасын зерттейді, топтармен және олардың кураторларымен әңгіме жүргізіледі.

Топтардың кураторлары №6 жатақханада тұратын студенттердің өмір сүру деңгейін бақылауға тікелей қатысады. Кафедраның оқытушылары факультет жоспарларына сәйкес жатақханада кезекшілік жасайды, бұл жатақхана студенттерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға, студенттердің қиындықтары мен проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғарғы оқу орындарында қазіргі заманғы білім беру мектептің талаптарынан ерекшеленетін студенттерге ерекше талаптар қояды. Сондықтан бірінші курстың студенттерімен егжей-тегжейлі және ақпараттық жұмыс жүргізу қажет. Осыған байланысты бірінші курстың кураторлары таныстыру кездесулерін өткізеді, онда студенттер кураторлармен танысуға, өздері туралы, олардың мүдделері мен оқу үрдісінен күтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, бастапқы курстық кездесу барысында топ кураторлары студенттердің күнделікті өміріне және бос уақытына жағдай жасауға, олардың отбасылық мәртебесін анықтауға және жеке мәселелерді шешуге, жыл сайын университетте өткізілетін әр түрлі іс-шараларға, оның ішінде студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға және оларға қатысу шарттарына хабарлауға мүмкіндік алады.

Факультетте ВИЖ-ның алдын алу, нашақорлық, темекі шегу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы бойынша кураторлық сағаттар өткізіледі.

Топтардың кураторлары келесі тақырыптар бойынша тақырыптық кураторлық сағаттар өткізеді:«Жастар ортасында діни экстремизм мен бұзушылықтардың алдын алу», «Жастар есірткіге және СПИДке қарсы», «Жастар темекіге қарсы», «Болашақты бірге құрайық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» және т.б.


Профессор С.А. Амирова ақын О. Сулейменовтың шығармашылық кешінде


Пс-11 топ студенттері «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша СРСП сабағында, аға оқытушы Игембаева К.С. (2015-16 оқу жылы)

Жеңіс күнімен тылдың қызметкерін құттықтау. Кафедра оқытушысы Г.М. Рамазанова (2015-16 оқу жылы)

Пс-31 тобының студентері Бірлік және келісім күніне арналған факультеттік іс-шарасына қатысты (2016-17 оқу жылы)

Психология кафедрасының аға оқытушысы Игембаева К.С. № 32 мектептегі ата-аналар жиналысында. Тақырып «Интернет тәуелділік» (2017 ж.)

Студенты специальности «Психология» мамандығының студенттері жалпықалалалық сенбілікте. Кураторлары Магзумова Н.К., Акатаева Л.С. (2016-17 оқу жылы)

«Үздік студенттік топ» конкурсында Пс-21 тобының шығуы. «Ең белсенді топ» номинациясы. (2016-17 оқу жылы)

Психология кафедрасының аға оқытушысы Игембаева К.С. Пс-11 Студенттерімен № 36 мектепте кәсіби бағдарлық жұмыс өткізді (2016-17 оқу жылы)

Психология кафедрасының аға оқытушысы Игембаева К.С. № 36 мектепте ата-аналар жиналысында «Жасөспірімдер арасындағы Интернет-тәуелділікті алдын алу» тақырыбында баяндама жасады (2017 г.)

Философия және психология факультетінің студенттері Универсиада-2017 қатысушыларын қарсы алуда

Наурыз мерекесін тойлауға арналған шарада кафедра оқытушылары (2017 ж.)

Пс-21 топ студенттері Карлаг мұражайында. Долинка ауданы. Куратор К.С. Игембаева (2016-17 оқу жылы)

Пс-42 тобының студенті Кароллаева Г. Психология бойынша Республикалық пәндік олимпиадада 2-ші орын алды (ғылыми жетекші Алимбаева Р.Т.) (2017 ж.)

Психология кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к., Р.Ш. Сабированың «Балаубаев тағылымы-9» жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияның ашылуындағы құттықтау сөзі (2016-17 оқу жылы)

Кафедра оқытушыларының Қарағанды қ. № 92 гимназия басшылығымен кездесуде. Психология кафедрасының филиалы (11.04.2017 ж.)

«Денсаулық фестивалі». «Психология» мамандығының 1 курс студенттері (2017-18 оқу жылы)

Сары-арқа телеканалының «Ойталқы» ток-шоудың түсірілімі. 30.01.2018 ж. эфирі. Психология кафедрасының аға оқытушысы Игембаева К.С.

Пс-11 топ студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» Жолдауын түсіндіру туралы дәріс барысында. Куратор С.М. Нургалиева

Психолог емес студенттердің психология бойынша пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі (21.12.2017ж.)

Психология бойынша пәндік олимпиадасының жүлдегерлері ғылыми жетекшілер мен қазылар алқасы мүшелерімен (21.12.2017ж.)

«Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны. «Психология» мамандығының 1 курс командасы 4 орынға ие болды (2017-18 оқу жылы)

Псу-13 топ студенттерінің ҚарМУ тарихының мұражайындағы экскурсииясында.Куратор Алимбаева Р.Т. (2017-18 оқу жылы)

Команда гр.Пс-11 топ командасы «Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойында 2 орын алды (01.11. 2017 ж.). Куратор С.М. Нургалиева

Пс-11 тобында «Туған тілім- тірегім» тілдер күніне арналған кураторлық сағат.Куратор С.М. Нургалиева (2017-18 уч.год)

Пс-11 топ студенттерінің ҚарМУ тарихының мұражайындағы экскурсииясында. Куратор С.М. Нургалиева (2017-18 оқу жылы)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған «Менің тұңғыш -Президентім» тәрбиелік сағат. Куратор С.М. Нургалиева (2017-18 уч.год)

Қарағанды мемлекеттік университеті, философия және психология факультеті 2015