Факультет тарихы

Философия және психология факультеті 1995 жылы құрылды және үш мамандық бойынша мамандарды дайындады: Философия, Психология, Әлеуметтану. Факультеттің қарқынды дамуына байланысты Саясаттану, Мәдениеттану, Дінтану мамандықтары ашылды. 2014 жылы философия және психология фаультетіне әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедралары қосылды.

Факультеттің бірінші деканы филофия ғылымдарының докторы, профессор Колумбаев Бисембай Ергалиевич болып табылады. Одан кейін факультетті философия ғылымдарының кандидаты, доцент Джалилов Курбан Шамильевич, философия ғылымдарының докторы, профессор Алимбаев Абильманат Амирханович, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабирова Райхан Шайхышевна, философия ғылымдарының докторы, профессор Карипбаев Байжол Искакович басқарды. 2017 жылдан бастап факультетті философия ғылымдарының кандидаты, доцент Кусбеков Думан Карибекович басқарып келеді.

Философия және мәдениет теориясы кафедрасы университеттің ескі кафедраларының бірі болып саналады. Ол 1968 жылы Қарағанды педагогикалық университетінің философия және политэкономия кафедрасының негізінде құрылды. Кафедраны кандидаттық диссертацияны қорғаған Қазақстандағы бірінші әйел философ, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Сагинова Мариям Сагиновна басқарды.

Кафедраны 20 жыл бойы, 1972 жылдан бастап, кафедраның ғылыми әлеуетінің көтерілуіне зор еңбек сіңірген философия ғылымдарының докторы, профессор Клещева Раиса Ахметовна басқарды. Одан кейін кафедраны басқару мүмкіндігіне ие болғандар: философия ғылымдарының докторы, профессор Абжанов Толеугазы Искакович, философия ғылымдарының докторы, профессор Колумбаев Бисембай Ергалиевич, философия ғылымдарының докторы, профессор Алимбаев Абильманат Амирханович, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Джалилов Курбан Шамильевич, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Иманбеков Мирлан Иманбекович, философия ғылымдарының докторы, профессор Карипбаев Байжол Искакович, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сагатова Асем Сериковна, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Кусбеков Думан Карибекович. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі гуманитарлық ғылымдар магистрі Солощенко Павел Петрович болып табылады.

Факультет тарихының бөлінбес бір бөлігі ретінде 1991 жылы әлеуметтік-саяси теория кафедрасының негізінде құрылған саясаттану және әлеуметтану кафедрасы аса маңызды орынға ие. Кафедраның түрлі кезеңдерде философия ғылымдарының докторы Туманшин Кахерман Мукаримович, тарих ғылымдарының кандидаты Рогалев Виктор Павлович, тарих ғылымдарының кандидаты Есенгараев Есет Женисбекович, әлеуметтану ғылымдар кандидаты Валитова Зульфия Хафизовна басқарды, ал бүгінгі күні кафедраны саяси ғылымдар кандидаты Кошербаев Дастан Бакытбекулы басқарып отыр.

Кафедраның іргесін қалаушылардың қатарында түрлі ғылым кандидаттары бар: Амерханов Б.А.; Алибекова Т.К.; Асаинов Е.Ш., Алимова С.Б., Бисембаев К.М., Жумасултанова Г.А., Потапчук В.П., Багинский Э.С, сонымен бірге аға оқытушылар Ли В.В., Мамирова К.Т.

1999 жылы бірінші болып саясаттанушылар бітірді. Бір жылдан кейін әлеуметтанушылар оқуды тамамдада.

Психология кафедрасы 1990 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың биология факультетінің негізінде ашылды, одан әрі оны философия және психология факультетіне қосты.

Кафедраның бірінші меңгерушісі профессор, психология ғылымдарының докторы Сатыбалды Мукатаевич Джакупов болды.

Одан кейін кафедраны доцент Блок Ольга Григорьевна, психология ғылымдарының докторы, профессор Амирова Светлана Аубакировна, психология ғылымдарының кандидаты Сабирова Райхан Шайхышевна, психология ғылымдарының кандидаты Капбасова Гульзада Байыровна басқарды. Қазіргі уақытта кафедраны психология ғылымдарының кандидаты Сабирова Райхан Шайхышевна басқарып отыр.

Өзінің қызмет ету жылдарында, факультет мыңнан астам білікті мамандарды дайындау арқылы Орталық Қазақстан өңірінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Философия және психология факультетінің түлектері мемлекеттік басқару аппаратында, құқық қорғау органдарында, мектептерде, ЖОО-да, ғылыми орталықтарда, кәсіпорындарда және еліміздің маңызды көптеген басқа да салаларында еңбек етіп жүр. Олардың кейбірі кәсіби қызметте үлкен жетістіктерге қол жеткізді, олардың ішінен Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы А.К. Аймагамбетовті, Қарағанды ​​облысының Ішкі саясат басқармасының бастығы Н.Б. Рыстинді және т.б. атап өтуге болады.

Қазіргі таңда философия және психология факультеті бұл:

  • 9 бакалавриат мамандығы;
  • 7 магистратура мамандығы;
  • 1 докторантура мамандығы;
  • 4 кафедра;
  • 580 студент;
  • 5 ғылым докторы, 1 PhD докторы, 19 ғылым кандидаты, 39 ғылым магистрі;
  • Қазақстандағы қазіргі заманғы діни ахуалды жан-жақты зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы;
  • Заманауи материалдық-техникалық база;
  • Отандық және шетелдік ғылыми және білім беру орталықтарымен кең ауқымды ғылыми байланыс.